Димаш Құдайберген Иманбекті Grammy жүлдесімен құттықтады

Imanbek/Димаш Құдайберген
Imanbek/Димаш Құдайберген
«Грэммиге» ұсынылған алғашқы қазақстандық Иманбек жеңімпаз атанды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әнші Димаш Құдайберген Иманбек Зейкеновті (Imanbek) Roses SAINt JHN композициясына алған «Грэмми» (Grammy) жүлдесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Алтын бауырым, үлкен жеңісің құтты болсын! Өз талантыңмен біздің халқымыздың мәртебесін көтеріп тастадың!!! Бүгінгі бұл жұлдызды сәтің әлі талай ұзақ жылдар бойы сені алға жетелей берсін! Нағыз қазақтың DJ, ән өңдеушісі болса сендей-ақ болсын!Шаршама, талма, самға! Жарайсың», – деді Димаш Құдайберген Instagram-да.

Еске салайық, «Грэмми» басты музыкалық жүлдесінің 63-шарасы онлайн өтті. «Грэммиге» ұсынылған алғашқы қазақстандық Иманбек жеңімпаз атанды.

Танымал болғанға дейін Иманбек Павлодар облысында (Ақсу қаласы) теміржолшы болған. Музыканы өзі үйренген. Музыканттың айтуынша, теміржолдан кетіп, музыкамен айналысқанына көп болған. Өзі Ақсуда тұрып жатыр.

Новости партнеров