Nomad Stunts каскадері Әлия Ысқақова Канадада беделді киножүлдеге ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Канадалық кино және теледидар академиясының сыйлығын ресми марапаттау - UBCP/ACTRA AWARDS 2021 рәсімінде жылдың ең үздік каскадерлік жұмысы деп Әлия Ысқақова түскен "Кунг-фу" сериалындағы жекпе-жек танылды. Картинада Әлия сериалдың басты залымы - канадалық актриса Ивон Чапманды (Yvonne Chapman) дубляждады.
"Бұл - каскадер ретінде алғашқы марапатым. Бұл - менің ғана емес, осы номинацияны алуға атсалысқан, каскадерлік сахнада жұмыс істеген бүкіл команданың жеңісі. Соның ішінде трюктерді қоюшылар, төбелесті қоюшылар және орындаушылар. Шынымды айтсам, жеңеміз деп ойлаған жоқпын. Таңғалып тұрмын, қуаныштымын", – деді ол.
"Кунг-фу" сериясының бірінші маусымының түсірілімі 2020 жылдың қыркүйегінде басталды. Кейінірек коронавирусқа байланысты тоқтатылып, 2021 жылдың сәуірінде аяқталды.
"Түсірілім оңай болды дей алмаймын. Сол кезде мен үшін "Кунг-фу" жекпе-жектің мүлдем жаңа деңгейі болды. Негізгі қимылдарды үйрену үшін көп еңбек етуге тура келді. Каскадерлік команда мені күн сайын жаттықтырды, үйретті. Жаттығулардан бүкіл денем ауыратын, үйге жету үшін көлікке отыру да қиын еді. Бірақ нәтижесі соған тұрарлық болды, мені одан сайын күшті етті! Сондай-ақ мен Қазақстандағы үздік бапкер Евгений Колокольниковтан онлайн сабақ алдым. Бақытыма орай, жарақат алған жоқпын, тек денем көгерді, бірақ бұл каскадерлерде жиі болады", - деді Әлия.
Ол кішкентай кезінен гимнастика, жеңіл атлетика, би, таеквондомен айналысқан. 15 жасынан бастап жартасқа өрмелеумен айналысқан, жаттықтырушысы анасы - Сәуле Ысқақова болған. Каскадер болу туралы 22 жасында досынан білген, ол Nomad stunts каскадерлер тобы туралы айтқан.
"Сол кезде құзға өрмелеуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері болдым, сондықтан дене дайындығына байланысты проблемалар болды. Бірақ Nomad Stunts-қа кіру оңай емес, тек бір жыл қажырлы жаттығулардан кейін Жайдарбек Күнғожинов мені топқа алды", – деді ол.
Оның каскадер ретіндегі алғашқы фильмі 2011 жылы "Жаужүрек мың бала" тарихи драмасы болды, онда ол басты рөлдерді сомдаған Құралай Анарбекова мен Әлия Телебарисованы дубляждады.
"Мені айналамдағы адамдар шабыттандырады, олардың күші, шығармашылық идеялары алға қарай жылжуға, үнемі дамуға ұмтылдырады. Олар барлық ақылға сыймайтын идеяларыңды әрдайым қолдайды, сіз де олардың идеясын қуана қолдайсыз. Жалпы кинорежиссерлермен көңілді. Бірақ маған шабыт беретін жандар - ата-анам Сәуле және Орынбай Ысқақова. Бала кезімнен бақылап, жаттықтырды, солай жеңіске жеттік! Інім Саян екеуміз соларға ұқсағымыз келді. Менің ойымша, ата-анамыз бізді мақтан тұтады", – деді ол.