Димаш Құдайберген «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының иегері атанды

Димаш Құдайберген «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының иегері атанды
Ұлттық сыйлық иегерлерін марапаттау рәсімі 2020 жылдың 18 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Халық сүйіктісі» - Народный любимец-2019» Ұлттық сыйлығына дауыс берудің қорытынды кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байқаудың екінші кезеңінде 14 номинация бойынша 55 үміткер лауреат атағы үшін өзара додаға түсті.

«Жылдың мәдениет қайраткері» номинациясында барша әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өте көп дауыс басымдығымен айқын жеңіске жетті. Ол 2015 жылы тура осылай «Жылдың эстрада әртісі» номинациясында жүлдегер атанған еді.

   «Қазақтың мәдени брендін халықаралық дәрежеде ынталандыру осындай нақты қадамдардан басталары һақ. Енді, Димаштан кейін қазақтың ою-өрнегімен киім тігуді шет елдің көптеген ірі мода орталықтары дәстүрге айналдыруы ықтимал. Мәдени бренд дегеніміз осы. Бұл тенденцияны біздің, отандық жеңіл өнеркәсібі өзіне оңтайлы пайдаланса, өте жақсы болмақ. Әйтпесе, қытайлықтар қазақтың ою-өрнегімен киім тігудің майталманы болып алып, ою-өрнекті меншіктеп алуы да мүмкін. Біздің ұлттық бренд құрылымдарына қазақтың ою-өрнегін халықаралық дәрежеде меншіктеу мәселесін шұғыл қарастыруы қажет. Бұл – бүгінде «қып-қызыл» қаржының көзі... Димашқа қазақ қоғамының сезімі ерекше екендігі белгілі. Димаш бауырымыз екінші мәрте "Халықтың сүйіктісі" ұлттық сыйлығының иегері болды. Баршамыз құттықтап қояйық, достар!», деп жазды Facebook-тегі парақшасында саясаттанушы Ерлан Сайыров.

Айта кетсек, «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығы Қазақстанда 9-рет анықталып отыр. Сыйлықтың авторы және ұйымдастырушысы – қоғам қайраткері, «Регион-Даму» республикалық қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтұқ.

Ұйымдастырушылардың алдын-ала ақпараты бойынша, 2020 жылдың 18 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласында «Халықтың сүйіктісі - Народный любимец-2019» Ұлттық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтеді.

Новости партнеров