|
04.06.2019 | 11:32
3094

«Қазақтың ерке қызысың»: Мақпал Жүнісоваға ән арнаған азамат жұртты сүйсіндірді (видео)

Ақтаулық өнер иесіне Мақпал Жүнісова алғысын білдірді

«Қазақтың ерке қызысың»: Мақпал Жүнісоваға ән арнаған азамат жұртты сүйсіндірді (видео)

Белгілі әнші Мақпал Жүнісоваға ән арнаған өнер иесі ел ықыласына бөленді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі әншінің инстаграм парақшасына сілтеме жасап. 

Өзіне ән арнауын сыйға тартқан ақтаулық сазгер Бақытжан Битіковке қазақтың ерекше дауысты әншісі Мақпал Жүнісова алғыс білдірді. 

«Ақтаулық Бақытжан бауырым маған ән арнап, «апама жеткіз» деп, Заттыбектен өтінген екен. Аманатты Заттыбек маған жеткізді, үлкен раxмет, ғұмырлы болыңыз, Бәке!» – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Әншінің жазбасына автордың өзі де пікір қалдырып, туындыны жазудағы мақсатын түсіндіріп берді.

«Ассалаумағалейкум, өнер сүйер қауым! Авторы ретінде Мақпал апама сый жасағаным рас. Ол кісі өнерді қолдаушы, жанашыр жан болған соң осындай туынды жаздым. Жақсыларды тірісінде неге  бағаламасқа деген ойдан туған еді. Мақпал апам – күллі қазақ елінің мақтанышы. Аман бол, апа!», – деді ол.





Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир