Қарағандыда театр басшысы өмірден озды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Ол ұлттық және әлемдік классика туындылары бойынша сан алуан бейнелер жасап, өнерде өзіндік қолтаңбасын қалдырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды драма театрының директоры Сансызбай Бекболатов 65 жасында қайтыс болды. Бұл ақпаратты Мәдениет және спорт министрлігі растады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Сансызбай Бекболатов 1955 жылы Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Красный октябрь ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының театр және кино факультетінде оқыды.

Шығармашылық жолын Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрында бастаған.

Ал 1990 жылы Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрына ауысты.

Ол ұлттық және әлемдік классика туындылары бойынша сан алуан бейнелер жасап, өнерде өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Атап айтқанда, Мұхтар Әуезовтың "Еңлік – Кебек" – Есен, Ғабит Мүсіреповтың "Ақан сері – Ақтоқты" –  Қоңқай, Уильям Шекспирдің "Король Лир" – Эдгар, Еврепидтің "Медея" – Егей, Антон Чеховтың "Шағала" – Медведенко, Эдуардо де Филиппонның "Филумена Мартурано" – Адвокат және тағы басқа рөлдерді сомдап, бірнеше рет үздік образдың иегері атанды.

Новости партнеров