Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде жігітін көрсетіп, оның кім екенін жасырды, деп хабарлайды Stan.kz.
Әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жігіті екеуінің теріс қарап түскен суретін жүктеп, оқырмандарына кім екенін табыңдар деп жұмбақ жасырды.
«Мына жігіт кім екен деп қоямын. Тапқан адамға осы жігіттен сыйлық бар», - деп жазды өнер иесі.
Айгүл мен белгісіз бір жігіттің қолұстасып теріс қарап, өнер иесінің еркелеп тұрған бұл суреті халыққа ұнап қалған сияқты. Енді бірі сынап жатты.
«Қадіріңізді түсірмей, оразада игі іс жасасаңыз болмай ма?», «Не жасарыңызды білмей, халықты жынды қылуға шықтыңыз ба? Еріккеннің ермегі емей немене?», «Еріккеннің ермегі, кім екенін итім біліп па?», - десті жұрт.
Пікір қалдырушылардың ішінде Айгүлдің жігіт Азамат Сатыбалды, Тұрсын Алагөзов, Жұбаныш Жексенұлы деп әртүрлі нұсқа ұсынғандар да табыла кетті.