«Музыкадан да қызғанды»: Жанар Хамитова 11 жыл бойы ән де тыңдай алмаған

Ол шоу-бизнестен барынша қашқан көрінеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сахнадан 11 жыл бойы көрінбей кеткен жанар Хамитова осы уақыт ішінде ән де тыңдай алмапты. Әнші он жылдан аса шоу-бизнес әлемінен қашқан, деп хабарлайды Nur.kz.

«Осы жылдар ішінде шоу-бизнес әлемінен қашып жүрдім. Бірақ, маңдайыма жазылғаны осы ма, әйтеуір қайта-қайта орала бердім. 11 жыл бойы мен музыка тыңдамадым. Тыңдасам да, балаларыммен тығылып тыңдадым. Майкл Джексонның кім екенін балаларыме тек осы соңғы бір жылда ғана көрсеттім. «Балалар, сендер ән тыңдағандарыңды айтпаңдар" деп тығылып көрсеттім.

Күйеуімнің өзі ән тыңдайды. Бірақ ол мені тіпті музыкадан да қызғанды. Оның көзсіз сүйгені сонша, «Сені ешкімге бермеймін» дейтін», - деп ағынан жарылды Жанар Хамитова.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 14 жыл бұрын «Superstar.kz» байқауында финалист атанып, «Арнау» тобының мүшесі болған Жанар Хамитова сахнадан алыстап кеткен еді.

Араға 11 жыл салып ол алғаш рет «КТК» арнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасына шығып, жеке өміріне қатысты құпияның бетін ашқан болатын.

Новости партнеров