Белгілі актер Тәуекел Мүсілім «Ережесіз әңгіме» бағдарламасында қонақта болып, жеке өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Әсіресе, талай арудың жүрегін жаулаған сымбатты жігіт қашан отбасын құратынын да жасырмай айтты.
«Бір жағынан бұйырғаны болады деп айтамыз, екінші жағынан жеке өмірімде үзіліс жариялағым келеді. Бір-екі жыл шетелге барып оқымақпын. Үйдегі анама да, туған-туыстарыма да айттым», - деген Тәуекел әзірге үйлену ойында жоқ екенін аңғартты.
Десе де, өнер иесі қазір Айтұрған есімді арумен кездесіп жүргенін жасырмай айтты.
«Өте жақсы қыз, өзімнің көңілімнен шығады. Үйленіп, үйленбейтінімізді бір Алла ғана біледі», - деп Тәуекел болашақ жарының білімді болғанын қалайтынын жайып салды, деп жазды sn.kz.