«Апай, сізге ғашықпын»: Айгүл Иманбаеваға жас жігіт сахнада сезімін білдірді (видео)

Жас жігіттің сөздері әншінің жүрегін селт еткізбеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сахнада өнерін паш етпек болған Айгүл Иманбаеваға жас жігіт сезімін білдірді. Әншімен кездесу үшін арнайы келген жігіт өнер иесіне алты жасынан ғашық болғанын жеткізді, деп жазады NUR.KZ.

Видеодан толқып, сөзін толық айта алмай тұрған жас жігіттің сахнаға шығып, Айгүл Иманбаеваға өз сезімі жайлы айтқанын байқауға болады.

«Сіздің жаныңызға шығайыншы. Мен қазір сізге бірнәрсе айтамын... Кішкене толқып тұрмын. Негізі, өзім сізге бір сөз айту үшін Жаңақаладан келіп тұрмын. Мен сізді жақсы көремін. Айгүл апай, сіз қашпаңызшы.

Бұл менің бала күнгі арманым. Мен сізді жақсы көремін, апай! Мені келеке етпеңіз. Сізді алғаш көргенде апамның арқасында жатқан алты жастағы бала едім. Сол кезден бері «Сізді жақсы көремін» деп айту үшін Алматыға әлі жете алмай жүрмін», - деген жігіт актрисаға өлең жолдарын оқып берді.

Алайда жас жігіттің сөздері әншінің жүрегін селт еткізбеген. Иманбаева ер адамды келекеге айналдырып, сахнаны босатуын сұрайды.

«Не айтайын дедіңіз? Айтатыныңызды айтып, сахнаны босатыңыз. Өзім онсыз да кешігіп келдім. Мен концертімді бастайын. Тағы не айтасың? Болсаңшы, айналайын. Сен кешіктің. Маған біреулер құндақта жатқанда ғашық болған. Қой, айналайын», - деді әнші.

Ал өнер иесінің ер адамға айтқан сөздері мен сахнадағы әрекетін көпшілік ұнатпай қалған.

«Жас жігітке дүрсе қоя бермей, жылы сөйлесе болады ғой», «Өтірік алдаса да болады ғой», «Айгүлмен кездесу үшін билет алып, алыс жерден келіп тұр. Сезімін білдірді. Әнші өзінше болмай, сәл жұмсақтық танытса қайтер еді», «Қазіргі заманда мұндай батылдық танытатын жігіттер өте аз», «Бар ерік-жігерін жинап айтқанда, сонша ауыр сөйлеп, келеке еткені несі?», - деді желідегілер.

Новости партнеров