Ақтоты Райымқұлова: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кинотуынды әзірленеді

inform.kz
inform.kz
Мәдениет және спорт министрінің халық алдындағы есеп беру кездесуі елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты тікелей көрсетілім арқылы өтіп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Токио олимпиадасына спорттың 22 түрінен 53 лицензия жеңіп алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық құрама спорттың 30 түрі бойынша ел намысын қорғайды. Осы жылдың 1 маусымына дейін қазақстандық спортшылар тағы да халықаралық жарыстарға қатысады, онда 15 лицензия ойнатылады. Сонымен қатар, Паралимпиада ойындарына спорттың үш түрінен тоғыз лицензия жеңіп алғанын жеткізді.

«Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, ұлттық құрама командалардың спортшыларын Токио қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына дайындау үшін белсенді жұмыс жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп барлық спорт кешендерінде ересектер мен ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін спортпен айналысу үшін жағдай жасалады», – деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Сонымен қатар, брифинг барысында туризмді дамытуға елімізге 1 трлн теңге инвестиция тартылатыны айтылды. Осы мақсатта 30 жоба қолға алынбақ. Сондай-ақ, министр Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеудің ақтық кезеңі «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 30 негізі» атты 30 жұлдызды күнмен түйінделеді деді.

«Күн сайын өнердің барлық жанрындағы жаңа туындылардың тұсаукесерлері өтеді. Жыл бойы өнердің үздік үлгілерін жасауға, бұқаралық спорт пен ішкі туризмді дамытуға және оларды одан әрі ілгерілетуге бағытталған идеологиялық-мазмұнды және сапалы шараларды өткізу жоспарланған», – деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Новости партнеров