|
30.01.2019 | 12:11
4894

«Келін керек»: Тәуекелдің анасы ұлына қандай әйел керек екенін айтты (видео)

Былтыр Тәуекел Мүсілім өзінен 11 жас кіші сүйіктісі жайлы мәлім еткен болатын.

«Келін керек»: Тәуекелдің анасы ұлына қандай әйел керек екенін айтты (видео) nur.kz


Талай қыздың жүрегін жаулаған Тәуекел Мүсілімнің анасы ұлына келіншек іздей бастады. Актердің анасымен түсірген видеосы желіге таралып кеткен, деп жазады NUR.KZ.

Видеоны түсіріп отырған Тәуекел анасына: «Мама, бізді бір млн 800 мың адам көріп отыр. Келін керек бізге! Келін бар ма? Мама, қазір қандай келін керек екенін айтыңыз. Сізді бүкіл ел көреді», - дейді.

Ал актердің анасы: «Маған инабатты, ақжарқын қыз керек. Болды», - деп жауап берген.

Желі қолданушылары болса Тәуекелдің бұл әрекетін қызу талқыға салған.

«Қыз керек болса, аяғыңның астында жатыр ғой», «Қызды клубтардан іздеме! Инабатты қыздар үйінде отырады», «Анаңыз жақсы адам екен», «Параметр айт дегенің қай сасқаның? Мал таңдап жүрсің бе?».

«Осылар да әбден есіріп бітті», «Жақсы қызды жақсы жерден іздейді. Түнгі клубтар мен кафеден емес», «Осының үйленуі жыр болды ғой. Досы Бауыржан екі рет үйленіп үлгерді».

«Адал жар нәсіп етсін», «Қызың бар емес пе еді», «Қашанғы іздеп жүре бересің?», «Біреуін ұстасай», - деп желідегілер пікір білдірген.

Айта кетейік, былтыр Тәуекел Мүсілім өзінен 11 жас кіші сүйіктісі жайлы мәлім еткен болатын.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир