Ана өлімі 10 жылда үш есе төмендеді

Ана өлімі 10 жылда үш есе төмендеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарабаевтың қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында денсаулық саласындағы негізгі көрсеткіштерді жақсарту бойынша атқарылатын шаралар туралы айтты, деп жазады Бақ.кз.

«Денсаулық саласындағы негізгі көрсеткіштерді жақсартуға байланысты мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Үкіметпен қабылданған щаралардың нәтижесінде жалпы өлім көрсеткіші – 1,2%, балалар өлімі – 2,8% төмендеді», – деді Досаев.  

Ол ана өлімінің 10 жылда 2,6 есе және 2018 жылы 5% төмендеуіне қарамастан осы маңызды көрсеткіш бойынша оң динамика болмай отырғанын атап өтті.

«2019 жылдың қаңтарында осы жағдайды жақсарту мақсатында әйелдерді сауықтыру, медицина ұйымдарын қажетті құралдармен жабдықтау, медицина қызметкерлерін жаппай оқыту шараларын қарастыратын кешенді жедел жоспар бекітілді», – деді ҚР премьер-министрінің орынбасары.





Новости партнеров