Төреғалидің анасы келініне жасалған ота жайлы айтты

Төреғалидің анасы келініне жасалған ота жайлы айтты
Толқын сәуір айының соңына қарай босануы тиіс болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Наурыз айының 4-і күні ұлды болған әнші Төреғали жақында келіншегі мен атұстарын перзентханадан шығарып алды. Анасының айтуына қарағанда, үш қыздан кейін ұл сүйген әншінің қуанышында шек болмаған, деп жазды Stan.kz.

«Жүрегі жарылып, керемет сезімде болды. Қуанышы әлі күнге дейін басылар емес. Бұған дейін де үш қызымыз бар ғой, бірақ ұлдың орны ерекше екен», - деп ағынан жарылды әншінің анасы.

Анасының айтуынша, Толқын сәуір айының соңына қарай босануы тиіс болған.

«Барлығы аяқ астынан болды. 20 минуттың ішінде ота жасалынып алынды. Сол себепті қасында бола алмадық. Кезекті көрінуге келген кезде ауруханаға жату керек деп айтты. Ақырында ота жасауға тура келеді. Негізі сәуір айының соңына қарай босану керек еді. Бірақ салмағы үлкен болды. Дәрігерлер де қуанды. Денсаулығында ешқандай ақау жоқ. Дер кезінде ота жасалып алынғаннан кейін баланың денсаулығы мықты, Аллаға шүкір», - деп қуанышын жеткізді Төреғалидің анасы.


Новости партнеров