Алматыда Түрксіб ауданы әкімінің кубогы үшін жастар арасында баскетболдан турнир өткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шараның мақсаты – бұқаралық спортты дамытып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Айта кетейік, тартысты бәсекеге еліміздің өзге де өңірлерінен келген спортшылар қатысты. Тартысты доданың жеңімпаздары арнайы дипломмен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды.
– Ауданда Түрксіб ауданының жүлдесіне арналған халықаралық стритбол жарысын ұйымдастырып отыр. Сайысқа 96 команда өтінім берді. Ресей, Қырғызстан мемлекеттерінің ойыншылары қатысып жатыр. Астана, Тараз қалаларынан спортшылар келді, – деді Түрксіб ауданы әкімі аппараты Мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Қанат Әлімбетов.
Оқи отырыңыз: Алматы қаласының ұстаздары «Үздік педагог» атанды