|
21.06.2023 | 14:02
559

Балаларға арналған көптомдық кітап басып шығару тамаша ұсыныс – кинодраматург

Құрылтайда талқыланған осы мәселе көпшіліктің көңілінен шыққан

Балаларға арналған көптомдық кітап басып шығару тамаша ұсыныс – кинодраматург Almaty.tv

Зиялы қауым өкілдері «елдің ертеңін бағамдап, бағдар-жоспарын талқылау үшін Ұлттық құрылтай қажет» дейді. Алқалы жиында талқыланған мәдениет пен әдебиет төңірегіндегі мәселе тезірек шешімін тапса деп ниет білдіргендер көп. Ал мәдениеттанушы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Бөкебаев Құрылтайда сөз сөйлеген әріптесі Азамат Сатыбалдыны қолдайтынын тілге тиек етіп, мәдениет ошақтарының көбеюі қажет екенін жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Биылғы өткен құрылтайда айтылған мәселелердің ішінде ең негізгі мәселе – халықтың мәдениетке, өнерге, әдебиетке деген көзқарасы мен кем-кетік жерлерін айтып жеткізуге үлкен мүмкіндік берді», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мәдениеттанушы Бақыт Бөкебаев.

Әдебиеттің елеулі саласының бірі – балалар әдебиеті. Алайда оның да кенжелеп қалғаны жасырын емес. Құрылтайда осы мәселе хақында айтылған шешім көпшіліктің көңілінен шыққан.   

«Балаларға арналған көптомдық әдебиет кітабын дайындап басып шығару мәселесі айтылды. Бұл өте тамаша ұсыныс болды», – дейді кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир