Қатысушылар соңғы зерттеулерді талқылады
Алматыда «Жошы ұлысы: тарихы, мұрасы мен тағылымы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен халықаралық жиын ұлыстың 800 жылдығына арналған. Оның аясында отандық профессорлармен қатар, Түркия, Канада, Жапония сынды 5 елден келген ғалымдар бас қосты. Қатысушылар тарихқа қатысты соңғы зерттеулерін ортаға салып, ғылыми мәселелерді талқылады.
– Кеңес Одағында бұл тақырып көп зерттелмеген. Бірақ тәуелсіздіктен кейін Қазақстанда, Татарстанда, XX ғасырдан бастап Турцияда Жошы ұлысын тарихшылар айта бастады, – деді Анкара университетінің профессоры Абдулах Гюндоғду (Түркия).
– Алтын орданың қазіргі ғылыми ошағы Татарстан деп аталады. 1960 жылы татар ғалымдары біздің мамандарға қызыға қараған. Басты міндет – Алтын орданың тарихын зерттейтін мамандарды даярлау, – деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов.
Оқи отырыңыз: Алматыда өнер майталмандары марапатталды