Бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдаланған кәсіпкерге қандай жаза қолданылады

22.05.2024 19:25

Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Сгенерировано ИИ

Бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдаланған кәсіпкер қылмыстық емес, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бүгін Мәжіліс депутаттары экономикалық құқықбұзушылықтарды одан ары қылмыстық сипаттан арылту және заңсыз жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Заң жобасы атауының ұзақтығына қатысты біраз әңгіме қозғалған. Бүгін бастамашы топтың алдында тұрған Абзал Құспан бұл мәселеге қатысты ойланып жатқанын жеткізді. Ал құжаттағы негізгі өзгеріске сай, экономикалық құқықбұзушылық жасаған кәсіпкер қылмыстық емес, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Демек бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдаланып, қомақты қаржыны қалтасына басқан бизнесмен түрмеге қамалмайды. Оған қомақты айыппұл салынады.

– Бұл түзетулермен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 551-бабында жауапкершілікті көздей отырып, ірі мөлшерде құқықбұзу әрекетін жасаудың саралау белгілерін қылмыстық сипаттан арылта отырып, қылмыстық жауаптылықтың басталу шегін көтеру ұсынылады. Демек қылмыстық жауапкершіліктің басталу шегі аса ірі мөлшерге дейін көтеріледі. ҚК-нің 234-бабы бойынша төменгі шегі 10 000-нан 20 000 АЕК-ке дейін, ҚК-нің 236-бабы бойынша 5 000-нан 10 000 АЕК-ке дейін көтеріледі, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан.

Оқи отырыңыз: Адам саудасы: сәбиді неше теңгеге сатқаны белгілі болды