|
22.04.2024 | 19:11
729

Алматы – сүйікті қалам: мегаполисте республикалық жыр мүшәйрасы өтті

Жыр сайысы «Алматы» телеарнасының 25 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған

Алматы – сүйікті қалам: мегаполисте республикалық жыр мүшәйрасы өтті Almaty.tv

«Алматы – сүйікті қалам». Мегаполисте қара өлеңнің құдіреті арқылы алып шаһардың әсемдігін бейнелеуді мақсат еткен республикалық жыр мүшәйрасы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дүбірлі додаға қатысуға еліміздің түкпір-түкпірінен 50-ге жуық ақын өтініш білдірген.

Айта кетейік, жыр сайысы «Алматы» телеарнасының  25 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған.

– Биыл – біз үшін маңызды жыл. «Алматы» телеарнасына 25 жыл толды.  Мерейтой аясында мүшәйра өткізіп жатырмыз. Мақсат – жас ақындарды қолдау, – деді Аlmaty телеарнасының бас продюсері Ралида Мұқанова.

– Іс-шара –  теңізге құйылған тамшының бір бөлігі. Қолдау көрсетіп, көмек бере алсақ, разымыз! – деді «Адал ас» компаниясының құрылтайшысы Ермек Асылғазыұлы.

Текті өнерді төрге оздырып, ұлт мұрасы ұлықталған жыр додасында өлең мен өнерді ұштастырған аға буын өкілдері қазылық етті. Әділ бағасын беріп, жастарды шабыттандырған ақындар жүрек жарды тілегін білдірді. Сондай-ақ сайысқа қатысушыларға «Алматы» телеарнасы әзірлеген сый-сияпаттар табысталды.

– Ақындар бақ сынып жатыр. Іс-шараны ұйымдастырған «Алматы» телеарнасының ұжымына алғыс айтамын! – деді ақын Хамза Берден.

Оқи отырыңыз: Қазақтың Бартезі: Мақсат Сләмбековті еске алуға арналған республикалық турнир өтті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир