Қазақ циркінің тарихы жайлы кітап жарық көрді

Қазақ циркінің тарихы жайлы кітап жарық көрді
Биыл Қазақ Мемлекеттік циркіне – 50 жыл
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Қазақ Мемлекеттік циркіне – 50 жыл. Мерейлі мерекеге орай, «Қазақстандағы цирк өнерінің басталуы мен дамуы» атты ғылыми монографиясының тұсаукесері өтті. Кітап авторы Мәдениет қайраткері, театртанушы-сыншы - Нұрбақыт Бөкебаев, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Ұлттық цирк өнерінің түп бастаулары мен даму тарихы туралы сыр шертетін зерттеу еңбек қазақ тілінде тұғыш рет жарық көріп отыр. Қазақ циркінің тарихы мен мәдени өмірі бірде-бір гуманитарлық ғылым саласында әлі күнге дейін жүйелі әрі ғылыми негізде зерттелмей келеді. Қазақстанның мәдени жетістіктерінде цирк өнерінің  үлесі орасан зор.  Шараға Қазақстанның халық әртістері, зиялы қауым өкілдері мен театр сыншылары жиналды. Олардың бәрі де бүгінгі жасалып жатқан игі шара бекзат өнерге деген жанашырлықтың жарқын үлгісі деген пікір білдірді.

«Т. Жүргенов атындағы ғылыми кеңестің қолдауымен ұсынысымен осы кітап жарық көрді. Бұл арнайы оқулық және тарихи тұлғалары туралы, цирктік өнер, денастиялық өнер, осы өнердің бәріне осы кітаптың ішіне кіріп, осы кісілер тарихи өкілдер болып қалып отыр», – деді Қазақ Мемлекеттік циркінің директоры Нұрбақыт БӨКЕБАЕВ.

Қазақ циркінің алға қойған жоспарлары көп. Бұған дейін халықаралық дәрежедегі фистивальдерден жүлделі оралып жүрген ұжым алдағы күндері  Монте-Карло қаласына барды. Айта кетейік, әзірге кітап 500 данамен жарық көрді. Көпшілік көрермен үшін кітаптың электронды нұсқасы да қарастырылған.

Новости партнеров