Рухымның иісі: Алматыда Жақсыбек Қалелбектің жеке ән кеші өтті
Almaty.tv
Концертте жезтаңдай әншілері өнер көрсетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда белгілі ақын, композитор Жақсыбек Қалелбектің «Рухымның иісі» кітабының тұсаукесері және жеке ән кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Концертте қазақтың бетке ұстар ақындары мен жезтаңдай әншілері өнер көрсетті. Жақсыбек Қалелбек көптеген ән байқауларының жеңімпазы. Ол – қазақ сахнасында тыңдармандар құлағының құрышын қандырып жүрген танымал туындылардың авторы. Бүгінде оның әндерін Нұрлан Өнербаев, «Жігіттер» тобы орындап жүр.
«Халықтың көңілінен шықты деп ойлаймын. Қазақ деген ғажайып халықтың, өсіп келе жатқан жастарымыздың, іні-қарындастарымыздың рухы биік болсын! Әрбір жүректен рух исі аңқып тұрсын! Кештің мақасы – осы», – деді ақын, композитор Жақсыбек Қалелбек.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
14.11.2026 11:34
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36