|
29.07.2024 | 14:17
69

Авторлық құқық: Алматыда шығармашылық индустрияны дамыту мәселелері талқыланды

Мамандардың айтуынша, тренинг өткізу жоспарлап отыр

Авторлық құқық: Алматыда шығармашылық индустрияны дамыту мәселелері талқыланды Almaty.tv

«Біздің міндетіміз – шығармашылық жетістікті қорғаумен қатар, олардың әлемдік аренаға сәтті енуіне жағдай жасау». Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік басқармасы мен «Шығармашылық бастамалар және мәдени мұра» қоғамдық қорының ұйымдастырған дөңгелек үстелде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басқосуда Алматыдағы шығармашылық индустрияны дамыту мәселелері талқыланып, авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау бойынша атқарылған жұмыс сөз болды. Сондай-ақ іс-шарада қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Әлішер Сатыбалдиев зияткерлік меншікті цифрлық қорғауды дамыту үшін білім беру бағдарламалары мен тренингтер енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

– Авторлық құқық мәселесі көтерілуде. Оның 97 пайыз пайда көзі – музыка. Бірақ авторлық құқық тек компазитордың еңбегімен шктелмейді. Мәселені жан-жақты шешуіміз керек, – деді әнші, продюсер Ерболат Беделхан.

Оқи отырыңыз: Алматының Алтынсарин даңғылында жол жүру шектеледі

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир