"Қазақфильм" қайтадан ұлттық киностудияға айналуы мүмкін

Сурет:  demkristo.livejournal.com/ О. Сидоров
Сурет: demkristo.livejournal.com/ О. Сидоров
Отандық сапалы фильмдер түсіріледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" қаулы әзірледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" Ұлттық киностудиясы" АҚ болып қайта құрылады.

"Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" Ұлттық киностудия" акционерлік қоғамы Мемлекеттiк фильмдер қоры киноколлекциясының сақталып қалуын қамтамасыз етуге, сақтауға, көшірмесін түсіруге, көбейтіп таратуға, прокаттауға жəне көрсетуге бағытталған іс-шараларды іске асыратын заңды тұлға болып айқындалады.

Бұл өзгеріс түсірілетін фильмдердің сапасын арттыру, сондай-ақ шетелдік кинокомпанияларды субсидиялаудың мемлекеттік операторы функцияларын іске асыру арқылы шетелдік инвестициялар тарту мақсатында енгізіліп отыр.

Құжат 15 қарашаға дейін қоғам болып талқылау үшін ашық НҚА сайтында жарияланады.

Оқи отырыңыз: Елімізде Қазақ-француз университеті ашылады

Новости партнеров