|
05.12.2022 | 14:30
510

Алматыда дарынды балалардың концерті өтті

Ахмет Жұбанов атындағы мектеп оқушылары өнер көрсетті

Алматыда дарынды балалардың концерті өтті Almaty.tv

Алматыда Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернаты ұжымының есеп беру кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салтанатты жиында оқушылардан құралған бірнеше оркестр өнер көрсетті. Өнерпаздардың қатарында халықаралық және республикалық сайыстың жеңімпаздары да болды. Алматы қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен Алатау дәстүрлі өнер театрында өткен мерекелік концертте жас таланттардың өнеріне жоғары баға берілді.

«Халық аспаптар оркестрінің барлығын бірдей бастап, бірдей орындауы, әр ритм, ырғаққа ілесіп отыруы, сондай-ақ симфониялық оркестрде Майраны орындауы керемет! Балалардың деңгейі өте жоғары деп бағалауға болады», – деді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ақан Әбдуәли.

«Мектебіміздің сондай жас дарындарының өнерін халыққа паш ету, таныту мақсатында осы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының, сондай-ақ Алатау дәстүрлі өнер театрының қолдауымен осындай үлкен концертті жалпы жұртқа ұсынып отқан жайымыз бар». – деді А. Жұбанов атындағы Дарынды балаларға арналған мектептің директоры Нұркен Әшіров.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир