|
01.02.2024 | 14:39
629

Түкбілмес: Алматыда бүлдіршіндерге арналған қойылымның тұсауы кесілді

Режиссер қойылымды тамашалаған әрбір жан ой түйетініне сенімді

Түкбілмес: Алматыда бүлдіршіндерге арналған қойылымның тұсауы кесілді Almaty.tv

Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында кезекті туындының тұсауы кесілді. «Түкбілмес» атты ерекше атауға ие қойылым бұл жолы бүлдіршіндерді қуантпақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Николай Носовтың шығармасына жан бітіру арқылы, қойылымға Пермь Мемлекеттік өнер және мәдениет институтының түлегі, ресейлік Дмитрий Курочкин режиссерлік еткен.

– Бұл қойылымның балаларға беретін  тәрбиелік мәні көп. Өйткені өтірік айту қоғамда оңай. Оның жақсы қасиет емес екенін балаларға қарапайым түсіндірген, – деді Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі Шағуан Үмбетқалиев.  

Туындының тарихи мәні тереңде жатыр. Қойылым қалың көпшілікті кез келген жағдайда адам болып қалуға, ашкөздік пен бос сөзге бой алдырмауға үйретеді. Режиссердің туындыны таңдаудағы басты себебі де – осы. Шығарма барысындағы кейіпкерлердің іс-әрекеті «Әлемді өзгерткің келсе, өзіңді өзгерт»деген тұжырымға сай келеді. Режиссер қойылымды тамашалаған әрбір жан ерекше күйге бөленіп, кемел ой түйетініне сенімді.  

– Қойылымдағы басты кейіпкер – Түкбілмес. Оның атауы түкті білмегендіктен емес, керісінше өзінің кім екенін білмегенінде жатыр. Қойылымның мақсаты – өмірде өзіңді танып, орныңды таба білу. Қандай жағдай кездессе де, адами қалпыңды жоғалтпау, – деді  қоюшы режиссер Дмитрий Курочкин.

Оқи отырыңыз: Бердібек Соқпақбаев -100: Алматыдағы Достық үйінде әдеби кеш өтті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир