Хасанғалиев әлемі: Алматыда опера әншілерінің республикалық конкурсы өтеді

tengrinews.kz
tengrinews.kz
Байқаудың басты мақсаты – вокалдық өнер саласындағы жаңа таланттарды анықтау
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2023 жылдың 03-05 мамыр күндері  Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде «Хасанғалиев әлемі» мәдениетті қолдау қорының қолдауымен Ескендір Хасанғалиев атындағы опера әншілерінің ашық Республикалық конкурсы өтеді.

Байқауға еліміздің барлық өңірлеріндегі музыкалық колледж студенттері, Құрманғазы атындағы ҚҰК, Қазақ ҰӨУ студенттері қатысады.

Байқаудың басты мақсаты – вокалдық өнер саласындағы жаңа таланттарды анықтау. Байқауға қатысушылардың орындаушылық шеберлігін арттыру. Конкурсқа қатысушы жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға жәрдемдесу.

Қазылар алқасының мүшелері ретінде елімізге белгілі опера өнерінің көрнекті өкілдері, белгілі музыканттар, профессорлар шақырылды.  

1. Байқаудың салтанатты ашылуы:

03.05.2023 ж., 10.00 – Ермек Серкебаев атындағы үлкен концерт залы.

2. Конкурстық тыңдаулар:

03.05.2023: 11.00 – 19.00 – I тур     (13.00-14.00 – үзіліс)

04.05.2023: 10.00 – 13.00 – II тур    (13.00-14.00 – үзіліс)

04.05.2023: 14.00 – 16.00 – қазылар алқасы мүшелерінің шеберлік классы

3. Байқаудың салтанатты жабылуы, лауреаттарды марапаттау рәсімі, гала-концерт:

05.05.2023: 14.00 – Ермек Серкебаев атындағы үлкен концерт залы.

Анықтама үшін байланыс телефоны: 7(701) 711-36-45

Новости партнеров