Алматыда «Ұлы дала дастаны» атты сурет көрмесі ашылды

Алматыда «Ұлы дала дастаны» атты сурет көрмесі ашылды
Шығармашылық кеште суретшінің 60-тан астам картинасы қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда белгілі суретші, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Сейсенхан Маханбетовтың «Ұлы дала дастаны» атты көрмесі ашылды. Шығармашылық кеште суретшінің 60-тан астам картинасы қойылып, қалың көрерменге жол тартты, деп хабарлайды Almaty.tv

Одан бөлек қуанышты бөлісу үшін өнер иесінің барлық ет жақыны мен достары, мәдениет басқармасынан арнайы өкілдер келіп, құттықтау сөз сөйледі. Айта кетейік, 2 шілде ашылған көрме 12 шілдеге дейін жалғасады.

«Бұл көрмені негізі түркі әлемінің астанасы Түркістанда бастау алып, қасиетті Тараз қаласында жалғасын тауып, әдебиет пен мәдениеттің ортасы Алматыда жалғасын тауып жатқан жайы бар», – деді қалалық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлиев.

«Басында пейзажист болып бастап, пейзаж жанрында танылдым. Соңында барлық жанрда өз күшімді сынап көрдім. Қазір көріп отырсыздар портрет те бар, натюрморт та бар. Сондай-ақ тарихи, пейзаждық, философиялық туындылар бар», – деді ҚР суретшілер одағының мүшесі Сейсенхан Маханбетов.

Новости партнеров