Жібек жолы үні: Алматыда халықаралық музыкалық мәдени апталығы басталды

23.05.2024 19:56

Іс-шараға 9 мемлекеттің өнерпаздары қатысады

Almaty.tv

Алматыда «Ün Music Week» халықаралық музыкалық мәдени апталығының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жібек жолы үні» фестивалі әлемдік деңгейде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.  Іс-шара ШЫҰ, Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі, сондай-ақ әлемдегі музыкалық нарықтарды біріктіретін ұйымдардың бастамасы негізінде қолға алынды.

– Фестиваль – әлем елдерінің музыкалық мәдениетін біріктіріп, арадағы ынтымақтастықты жақсартатын үлкен бастама, – деді ШЫҰ Цифрлық технологиялар платформасы пилоттық жобасының жетекшісі Тон Дань.

Шоукейс апталығына 9 мемлекеттің өнерпаздары қатысады. Орындаушыларды 12 елден келген сарапшылар бақылап, келісімшарттар мен меморандумға қол қойылады. Әртістер халықаралық музыка нарығына жолдама алады.

– «Ün Music Week» атты фестивальдің маңызын  түсінбей жатқан сияқтымыз. 25 мамырдан кейін қыза түседі. Жоба елімізді рухани балансқа алып келмек, – деді  «Көк түрік» тобының мүшесі Нұрболсын Төлеухан.

Оқи отырыңыз: Қайрат Нұртастың басы тағы да дауға қалды