|
28.10.2019 | 15:07
2061

"Звери" тобының әншісі Алматыда барахолканы аралап, қауын сатып алды (видео)

Топтың солисі Роман Билык концерт алдында қаладағы ең үлкен базар – барахолканы аралауды ұйғарған

Ресейлік «Звери» тобының әншісі Роман Билык Алматыдағы барахолканы аралады. Ол Instagram желісіндегі Stories-те алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетсек, 27 қазанда Алматыда «Звери» тобы ән кешін өткізген еді.

Топтың солисі Роман Билык концерт алдында қаладағы ең үлкен базар – барахолканы аралауды ұйғарған. Instagram-дағы Stories-те әсерімен бөліскен әнші базардан қауын сатып алғанын айтты.

«Балалармен бірге жасыл қауын сатып алдық. Ол тәтті болады деп үміттенемін», - дейді әнші роликтердің бірінде.

Сонымен қатар, Роман барахолканың тыныс-тіршілігін көрсететін суреттермен бөлісті.

Әнші жұрт назарын өзіне аудармау үшін, қара түсті көзілдірік тағып, кепка киген. Әншінің барахолкада емін-еркін жүргеніне қарағанда, көпшілік оны танымаған сыңайлы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир