Алматыда Бибігүл Төлегенованың халықаралық вокалистер конкурсы басталды. Байқаудың ашылу салтанатына қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Екі жылда 1 рет өтетін жарыс биыл Абай атындағы Ұлттық академиялық опера және балет театрының 95-маусымының ашылуымен, сондай-ақ қала күнімен тұспа-тұс келді. Биыл конкурсқа қатысуға 70-тен астам өнерпаз өтініш жіберген. Ол жастарға сәттілік тілеп, қошемет білдірген көрерменге ыстық лебізін жеткізді.
– Балалардың көбі халықаралық дәрежеде ән айтып жүр. Елімізде Бибігүл Төлегенова атындағы байқаудың өтіп жатқаны қуантады. Бүгін өзі де келіп отыр, – деді байқаудың үйлестірушісі Қарлығаш Әбдікәрімова.
Оқи отырыңыз: Біз үшін қаланың тарихи келбетін сақтау маңызды - Ерболат Досаев