Ұлт ұстазы ұлықталды: бүгін – Қазақстан халқының тілдер күні мерекесі

Almaty.tv
Almaty.tv
Іс-шара ғалымның еңселі ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінен басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлт ұстазы ұлықталды. Бүгін – қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Сондай-ақ елімізде Тілдер мерекесін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айтулы күнге орай Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйінде дөңгелек үстел өтті. Іс-шара ғалымның еңселі ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінен басталды.

– Бүгін дәстүрлі Ахмет Байтұрсынұлының күндері басталды. Білім күні ретінде Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай, бірнеше жыл бұрын қаулы қабылданған. Тағлым мектебіне айналған ғимараттың жанында ұстаз атын ұлықтауға жиын өтті, – деді А.Байтұрсынұлы музей-үйінің директоры Райхан Имаханбет.

Мәдени жиынға алаштанушы, ахметтанушы ғалымдар мен ғұламаның туыстары және Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қатысты. Әскери бөлім ағартушы-ғалымның музей-үйімен мемлекеттік тілді дамыту аясында меморандумға қол қойған.  

– Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай айлық өткізіледі. Өзге де ұлт өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік тілді дамытуға қатысты іс-шараны қыркүйекте, ағартушының туған күніне байланысты жоспарлаймыз, – деді Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының мемлекеттік тілді енгізу бойынша аға офицері Салтанат Есмұқанова.

Оқи отырыңыз: Жазушылар Президент Жолдауына қатысты пікір білдірді