Жазушылар Президент Жолдауына қатысты пікір білдірді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Өзіміз өндірген өнімді демеу, отандық кәсіпкерлерге көмек көрсету – халықтың әл-ауқатын жақсартады». Бұл – Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегмановтың пікірі.

Ақын Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында ұлттық өнімді қолдау, өңдеу өнеркәсібін жетілдіру тақырыбына басымдық бергенін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

– Отандық өнім өндіру, оны қорғау, ұлттық бизнесті қолдау – өзекті мәселелердің бірі. Халық «Президент не айтады екен?» деп күтіп отырғанда ең өзекті мәселені айтқаны ұнады, – деді Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов.


Ал ақын, академик, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Бауыржан Жақып «еліміз үшін атом электр стансасын салудың тиімді жағы көп» дейді. Ал Президент Жолдауында бұл мәселеге қатысты шешім жалпыхалықтық референдумның аясында қабылданатынын айтты.

– Маңызды мәселелер халықтың үніне құлақ асып қана шешіледі. Сондықтан Мемлекет басшысы «жалпыхалықтық референдум арқылы шешілуі керек» деген мәселені айтты. Атом электр стансасын салу керек пе, жоқ па? Халық таңдайды, – деді Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып.


Оқи отырыңыз: Президент Үкіметке экономикалық өсімді арттыруды тапсырды - сарапшылар пікірі

Новости партнеров