Ұлт ұстазы ұлықталды: бүгін – Қазақстан халқының тілдер күні мерекесі

05.09.2023 20:23

Іс-шара ғалымның еңселі ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінен басталды

Almaty.tv

Ұлт ұстазы ұлықталды. Бүгін – қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Сондай-ақ елімізде Тілдер мерекесін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айтулы күнге орай Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйінде дөңгелек үстел өтті. Іс-шара ғалымның еңселі ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінен басталды.

Бүгін дәстүрлі Ахмет Байтұрсынұлының күндері басталды. Білім күні ретінде Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай, бірнеше жыл бұрын қаулы қабылданған. Тағлым мектебіне айналған ғимараттың жанында ұстаз атын ұлықтауға жиын өтті, – деді А.Байтұрсынұлы музей-үйінің директоры Райхан Имаханбет.

Мәдени жиынға алаштанушы, ахметтанушы ғалымдар мен ғұламаның туыстары және Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қатысты. Әскери бөлім ағартушы-ғалымның музей-үйімен мемлекеттік тілді дамыту аясында меморандумға қол қойған.  

– Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай айлық өткізіледі. Өзге де ұлт өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік тілді дамытуға қатысты іс-шараны қыркүйекте, ағартушының туған күніне байланысты жоспарлаймыз, – деді Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының мемлекеттік тілді енгізу бойынша аға офицері Салтанат Есмұқанова.

Оқи отырыңыз: Жазушылар Президент Жолдауына қатысты пікір білдірді