Алматыда әшекей бұйымдар көрмесінің ашылуы өтті

Алматыда әшекей бұйымдар көрмесінің ашылуы өтті
Көрмеге ХІХ-ХХ ғасырларда жасалған құнды бұйымдардың 50-ге жуық түрі қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Алматы музей» қорының ұйымдастыруымен «Сыңғыр шолпы шашбаулым» атты зергерлік әшекей-бұйымдар көрмесінің ашылуы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қай заманда да қазақ зергерлік өнерінің жоғары деңгейде екеніне дәлел болған көрмеге археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған әшекейлерден бастап, ХІХ-ХХ ғасырларда жасалған құнды бұйымдардың 50-ге жуық түрі қойылды. Сонымен қатар зергерлердің ұлттық бұйымдарды жасауда қолданатын құрал-саймандары да көпшілік назарына ұсынылды. 

Айта кетейік, аталмыш көрме 13 наурызға дейін жалғасын таппақ.  

«Көрмеде зергерлік ұлттық бұйымдар ұсынылған. Зергер өнері – үлкен еңбек пен үлкен талап ететін өнердің бірі», - деді Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлиев.

Новости партнеров