Алматыда «Ахмет Байтұрсынұлы кім?» атты кітаптың тұсауы кесілді

Almaty.tv
Almaty.tv
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығында ұйымдастырылған іс-шаралардың жылжабар жиыны өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығында ұйымдастырылған іс-шаралардың жылжабар жиыны өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Теориялық конференцияда ағартушының ғылыми еңбектері негізгі тақырып болып, ой қорытындылар, тың дерек-мағлұматтар айтылды.

«Бүгінгі конференцияның маңыздылығы – бір жыл бойы қордаланған мәселелерді қорытып, соның ішінде Ахмет Байтұрсынұлының қазақ ғылым тіліне қосқан үлесіне назар аудару. Ол кісінің жан-жақты барлық қыры талқыланған болса, қазақ ғылым тілін қалыптастырғанына назар аударамыз», – деді А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан.

Ғылыми конференцияда  Ахмет Байтұрсынұлы: «Тіл құрал» басылымдарының графикалық проекциясы» және балаларға арналған «Ахмет Байтұрсынұлы кім?» атты кітаптың тұсауы кесілді. Айта кетейік, халықаралық сипатта өтіп жатқан басқосуға шетелдік ғалымдар да қатысты.

«1990 жылдардан бүгінге дейін Түркияда қазақ тілі мен әдебиетінің дамуына үлес қосқан тұлғалар жайлы басылымдар жарық көріп келеді. Өткен аптада Байтұрсынұлының мұраларын көпшілікке таныстырдық. Бұл іс әлі де жалғаса береді. Мұндай тұлғаларымыздың әрқайсысы – түркі дүниесі үшін зор мақтаныш», – деді Эскишехир Османгази университетінің профессоры Феррух Ағжа (Түркия).

Новости партнеров