Алматыда І республикалық жастар театрлары фестивалі басталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Іс-шара 6 қарашаға дейін өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда алғаш рет Республикалық жастар театрлары фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Онда 30 үміткердің арасынан 8 жас режиссер іріктеліп алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әсем әуен, жарқыраған шам мен қызыл кілем. Бірінші республикалық театр фестивалінің ашылу салтанаты ерекше өтті. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды. Өнерсүйер қауымды кәріс музыкалық әзіл-сықақ театрының қойылымы мен әртістердің шеберлігі тәнті етті.  

Сайыста кіл мықтылар бақ сынады. Қатысушылардың бірі –10 жылдан бері өнер жолында жүрген Елдос Шәйкенов. Астана театрының ұжымымен бұл жолы Нұрлан Оразалиннің туындысын сахналады.

– «Шырақ» атты қойылымды сахналадық. Лирикалық драма. Сағынның рөлін сомдаймын. 3 қарашада сағат 11:00-де Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында қойылады, – деді Астана қаласы әкімдігі «Жастар» театрының әртісі Елдос Шәйкенов.

Фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – жас режиссерлердің атын шығарып, олардың кәсібилігін шыңдау. 

– Жүргенов академиясында оқып жатқан жас сыншыларға тәжірибе болмақ. Олар ойын ашық айта алады. Студенттердің еркін сөйлеп, көзқарасын білдіру үшін тәрбие алаңы болмақ, – деді режиссер Шағуан Үмбетқалиев.

Фестиваль жеңімпаздары марапатталған соң, бағдарлама «Құлагер» спектаклімен жалғасты.

Айта кетейік, бұл іс-шара 6 қарашаға дейін өтеді. Алматыдағы 3 театрда үздік 8 режиссер қойылымын сахналайды.

Оразай Нұртайұлы, Әмина Үсенова, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ғалымдарға академиялық демалыс беріле ме


Новости партнеров