Белгілі ғалым құнды кітаптар топтамасын Ұлттық кітапханаға тапсырды

Almaty.tv
Almaty.tv
Салтанатты рәсім ғалымның әріптестері мен шәкірттерінің қатысуымен өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің Ұлттық кітапханасында қытайтанушы ғалым, тарих ғылымдарының докторы Клара Хафизованың жеке кітапханасының топтамасын кітапхана қорына сыйға тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Салтанатты рәсім ғалымның әріптестері мен шәкірттерінің қатысуымен өтті. Ағартушы қытай тіліндегі  кітаптарды қазақ тіліне аударған, ал тарихи еңбектері  еліміздің тарих саласына орасан үлесін қосқан. Ғалымның бұл еңбектері оқырман арасында сұранысқа ие дейді кітапхана қызметкерлері.  

«Мен үшін өте маңызды жақсы шара өтіп жатыр. Мен жинаған кітап қорымды Ұлттық кітапханаға да, басқа кітапханаларға да тапсырып жатырмын. Бұл кітаптар – менің 1956-57-ші жылдардан бері жинаған кітаптарым. Барған елімнің бәрінен алып келген кітаптарым, сонығ бәрін енді тапсырып отырмын», – дейді қытайтанушы ғалым Клара Хафизова.

«Бұл өте өнегелі іс, жақсы бастама деп ойлаймыз. Бұл кітаптарды салтанатты түрде қабылдап алып, кітапханаға жіберген кезде қытайтанушы ғалым Клара Хафизованың жеке кітапханасынан деген рубрикамен жібереміз», – деді Ұлттық кітапхананың кітап қорын толықтыру қызметінің жетекшісі Ханшайым Изанбекова.

Новости партнеров