Ақын Бақытжан Қанапиянов Еуропалық академияның атағымен марапатталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Ұлттық кітапханада жазушы, кинодраматургтың 70 жылдығына арналған жиын өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақын Бақытжан Қанапиянов Еуропалық академияның құрметті ғалымы атағымен марапатталды. Жазушы, кинодраматургтың 70 жылдығына арналып Ұлттық кітапханада өткен жиында ақынның өлеңдері оқылып, құнды сөздің қадірі асқақтай түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

«Бақытжан Қанапияновтың векзаметрлері» атты халықаралық іс-шара аясында ақынға Павлодар облысының әкімдігі өңірдің зиялы қауым өкілдерінің ұсынысымен «Өңірге сіңірген ерен еңбегі үшін» медалін табыстады.  

«1975 жылы «Вечерняя Алма-Ата» газетіне, сондай-ақ, «Жалын» журналына алғашқы өлеңдерім шықты. Содан бері қаншама уақыт өтті, міне, 70-ке де келдік. Бәріне ризамын», – дейді ақын, жазушы Бақытжан Қанапиянов.

Дөңгелек үстелге қатысқан ағартушы-ғалымдар Бақытжан Қанапияновтың шығармашылығына тоқталып, оның әдебиет әлемінде бағындырған белестеріне көз тастады. Шығармашылығын әлем мойындаған қаламгер – Дүниежүзілік поэзия күнін өткізу идеясының авторы.   

«Мен Бақытжанның шығармашылығымен жақсы таныспын. Ол қаншама еңбек жазды. Шығармашылық жолын баспалдақтың ең төменгі тетігінен бастап, бүгінде биігін бағындырған қаламгер. Оның әр ісі, шығармашылығы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге», – деді ақын, Қазақстанның еңбек ері Олжас Сүлейменов.

Новости партнеров