Алматыда Уәлихан Қалижанұлының «Жамбыл» роман-этюдінің тұсаукесері өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Ақын өзі оқыған №12 мектеп-гиназиясына жеке кітапхасынан 1000-ға жуық кітап табыс етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлтын сүйген ұл. Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижанұлының «Жамбыл» роман-этюдінің тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ ақын өзі оқыған №12 мектеп-гиназиясына жеке кітапхасынан 1 мыңға жуық кітап табыс етті. Түрлі жанрда жазылған отандық және шетел әдебиетінің жауһарлары мектеп кітапханасының қорын байыта түсті. Атап айтар болсақ, «Бабалар сөзінің» жүз томдығы, «Әдеби жәдігерлердің» жиырма томдығы, «Классикалық зерттеулердің» көптомдығымен қатар, шетелдік шығармалар жинағы да бар. Бұл туындылар оқушыларға рухани азық беріп, ізденіс жолында пайдасын тигізері анық дейді қоғам қайраткері. 

«Қазір Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Алда әлі қаншама жол мен тарих бар. Бұл кітаптардың ішінде тарихқа, ғылымға қатысты көп дүние жазылған. Әдебиетке, гуманитарлық ғылымға бейім азаматтар ертең атақты адам болып шықса, мен өзімді бақытты санаймын», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижанұлы.

Новости партнеров