Алматы тарихи музейі Италияның Неаполь қаласында көрме қойды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Көшпенділер тарихының құнды жәдігері назарға ұсынылған мәдени іс-шарада артефактілерден бөлек, қазақтың ұлттық тағамдары да насихатталды. Көрменің ашылу салтанатына "Түрксой" халықаралық ұйымы мен Қазақстанның Италиядағы елшілігі өкілдері қатысты. Көрме ЮНЕСКО тізіміндегі Кастель Нуово сарайында өтіп жатыр.
– Көрмеге Алматы қаласы музейінің қорында сақталған 140 аса жәдігер қойылды. 1 ай бойы шетелдіктер қазақ мәдениетімен танысуға мүмкіндік алады. Көрменің мақсаты – екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту және қазақ халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін италиялық көрерменге таныстыру, - дейді Алматы қаласы музейлер бірлестігі КМҚК директоры Ләззат Сағындықова.
Оқи отырыңыз: Umai-2023 сыйлығына қатысуға өтінімдер қабылдау қашан аяқталады