|
17.11.2023 | 15:18
6923

Қазақстанның ұлттық құрамасы негізгі ойыншыларынсыз алаңға шығады

Қазақстан мен Сан-Марино құрамасының матчы Астанада өтеді

 Қазақстанның ұлттық құрамасы негізгі ойыншыларынсыз алаңға шығады Almaty.tv

Бүгін Қазақстан мен Сан-Марино құрамасының матчы Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында көрсетіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Көрермендерге қолайлы болу үшін  арнайы автобустар қатынайды. Қоғамдық көлік жанкүйерлерді спорт сарайына әкелген соң, матч аяқталғаннан кейін кері бағытқа қатынайды.

Бүгінгі ойын Астана уақытымен кешкі 20:50-да "Астана аренада" басталады. Қазақстан құрамасында Бахтиер Зайнутдинов пен Асхат Тағыберген осы кездесуде жарақаттарына байланысты алаңға шықпайды. Дегенмен бас бапкер Магомед Адиев біздің жігіттер бұл жолғы ойынға тыңғылықты дайын екен жеткізді.

– Бізде ойыннан бір адам шығып қалса, ойынды соған ыңғайластырып ұйымдастыру деген жоқ. Біз бір командамыз, бәріміз жұмыла жұмыс істейміз. Әрине, Бахтиёр мен Асхаттың осындай ойын алдында жарақат алғаны өкінішті. Дегенмен, басқа жігіттер де осал емес. Барымызды салып, жеңуге тырысамыз, - дейді футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев.

Қос команда ойын алдындағы жаттығуларын жасап үлгерді. Жалпы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне 24 команданың 11 өтіп тұр. Бұған дейін Франция, Португалия, Бельгия, Испания, Шотландия, Түркия, Англия мен Аустрия жолдама алды. Ал Германия ұйымдастырушы ел ретінде іріктеусіз қатысады. Қазақстан құрамасының да Еуро-2024 чемпионатына шығуға мүмкіндігі бар. Бүгін өз алаңында Сан-Мариномен, соңғы турда Словениямен сырт алаңда кездеседі. Бүгінгі ойында біздің жігіттерге тек жеңіс тілейміз.

Оқи отырыңыз: Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Сан-Мариномен ойнайды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир