«Куә бол» әнінің жаңа нұсқасы орындалды

Almaty.tv
Almaty.tv
Алматыда «Отырар Сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі мен iFly этно-электрондық тобының концерті өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Абай алаңында Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі мен «iFly» этно-электрондық тобының бірлескен концерттік бағдарламасы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылған іс-шарада халық әндері орындалып, көрерменнің құлақ құрышын қандырды.

Халық әндері мен электронды музыканы біріктірген кеште «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің бас дирижері – Дінзухра Тілендиева өнер көрсетсе, танымал скрипкашы Жәмила Серкебаева концерттің сәнін келтірді. Сондай-ақ «Куә бол» мен «Жас ұландар» әнінің жаңа нұсқасы орындалды.

– Біз бүгінгі концертке 2 ай дайындалдық. Мұндай кештерді өткізгенде мұқият болуға тырысамыз. Концерттік бағдарламаларды жылына бірнеше рет өткіземіз. Оны мінсіз ұйымдастыру үшін көп күш қажет, – деді «ifly» тобының вокалисі Ксения Сухомазова.

Оқи отырыңыз: Алматыда Мұзафар Әлімбаевтың кітабы жарық көрді

Новости партнеров