|
29.05.2024 | 16:12
291

Алматыда «Ветер перемен» қойылымы көрерменге жол тартты

Бастама балаларды қорғау күніне орайластырылған

 Алматыда «Ветер перемен» қойылымы көрерменге жол тартты elements.envato.com

Алматыдағы Мұқан Төлебаев атындағы №5 балалар музыка мектебі Наталия Сац атындағы жасөспірімдер театрында «Ветер перемен» мюзиклін көрермен назарына ұсынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мұндай бастама балаларды қорғау күніне және оқу ордасының 65 жылдығына орай ұйымдастырылған. Спектакльде тек актерлік шеберлік емес, вокалдық орындаулар, хор және хореографиялық өнер көрсетілді. Мюзиклдің өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор дейді ұйымдастырушылар.

- Мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің өнерін көрерменге көрсету. Музыкалық мектеп болғандықтан, оқушыларды жан-жақты дамыту жолға қойылған. Демек, музыкалық аспаптармен ойнауынын бөлек, жастарды әртістік жағынан да таныту қажет. Бұл - үлкен еңбек. Мюзиклды қай деңгейде алып шыққанымызды көрермен бағалайды, - дейді М. Төлебаев атындағы №5 балалар музыка мектебінің директоры Сергей Романов.

Оқи отырыңыз: Халықаралық балаларды қорғау күні: Алматыда мереке құрметіне қандай іс-шаралар өтеді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир