|
14.06.2022 | 16:16
1185

Қазақ мемлекеттік циркіне 50 жыл – Қыз Жібек қойылымы цирк сахнасында қойылды

Бағдарламаны өнер академиясының студенттері дайындаған

Қазақ мемлекеттік циркіне 50 жыл – Қыз Жібек қойылымы цирк сахнасында қойылды Almaty.tv

Қазақ мемлекеттік циркіне 50 жыл. Мерекеге орай мәдениет ордасында Қыз Жібек қойылымы мен фотокөрме көпшілік назарына ұсынылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бағдарламаны өнер академиясының студенттері арнайы дайындаған. Айта кетейік, аталған іс-шараға көпбалалы және әлеуеті төмен отбасыдан шыққан бүлдіршіндер арнайы шақыртылып отыр.

«Алғаш рет Қыз Жібек қойылымы цирк сахнасында қойылды. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері мемлекетік комиссия мүшелеріне жұмысын көрсетті. Алдағы уақытта тағы жоспарланған 2 шара бар», – деді Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Мақсат Жайықов.

«Түлектер өздерінің жұмыстарын дуальды білім беру әдісінде ұсынып отыр. Басты мақсатымыз – цирк өнерін одан әрі көркейту.  Шығармашылық жұмысымызды Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің бағаланағанына қуаныштымыз», – деді режиссер, хореограф Дәулет Досбатыров.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир