Алматыда «Ғасырлар сазы» атты концерт өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Кештің мақсаты – көне аспаптарды насихаттау
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясында «Ғасырлар сазы» атты концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Халық әндері мен белгілі композиторлардың шығармаларын ұлттық аспаптар ансамблі сүйемелдеді. Көне аспаптарды насихаттауды мақсат еткен музыкалық кеште ансабльден бөлек, еліміздің танымал әншілері де өнер көрсетті. Айта кетейік, концертті «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі ұйымдастырған.  

«Концерттік бағдарламамызға қазақтың көнеден келе жатқан нарқобызы, шіңкілдегі, жетігені, одан басқа біздің кең байтақ Қазақстанымыздың өңтүстігінен солтүстігіне дейін, шығысынан батысқа дейін әр өңірдің ерекшелік музыкасы бар, ерекшелік ән мектебі бар. Сол барлық өңірдің әнін де, күйін де, музыкасын біз қамтыдық», – деді көркемдік жетекші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Тілегенов.

Новости партнеров