|
03.07.2021 | 16:27
2063

Қазақ мемлекеттік циркі көрерменіне есігін қайта ашты

Күш атасы Қажымұқанның ізін жалғап, халықаралық аренада жетістікке жетіп жүрген атлет те бүгін алғаш рет қала тұрғындарының алдында өнер көрсетті

Қазақ мемлекеттік циркі көрерменіне есігін қайта ашты Фото: Максим Золотухин

Қазақ мемлекеттік циркі «Hello Circus» бағдарламасымен көрерменіне есігін қайта ашты. Ұзақ уақыттық карантиндік үзілістен соң ұсынылған жобада күштік атлеттер, эквилибристер мен әуе гимнастары өнер көрсетті. Айта кету керек, биылғы маусым цирк әртісі, ұлт мақтанышы Қажымұқан Мұңайтбасұлының 150 жылдығына арналып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бір жарым жылдан бергі демалыс болған кезде де ешқандай артист қарап жатқан жоқ. Өйткені цирк артисінің өмірі спорт сияқты. Күнде ширатылып, тартылған резеңікедей болып, самдағайлығы, күштілігі болмаса, ол өз формасын жоғалтып алады. Сондықтан артистердің барлығы бір жарым жылдың ішгінде қатаң карантин болған кезде үйлерінде дайындалды», – деді Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Бақыт Бөкебай.

Күш атасы Қажымұқанның ізін жалғап, халықаралық аренада жетістікке жетіп жүрген атлет те бүгін алғаш рет қала тұрғындарының алдында өнер көрсетті. Ол осыған дейін 400 келілік түйені көтеріп, рекорд орнатқан еді.

«Атамыздың 150 жылдығына орай, арнайы шақырылып келіп жатырмыз. Қаншама темірлерді майыстыру, атамыздың жасаған трюктары көп. Сондықтан бір ай бойы аталарымыздың салған сара жолын ұрпақ боп жалғасытру- біздің парызымыз», – деді Қазақ мемлекеттік циркінің әртісі Тимур Сыпатаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир