Гүлмира Садықованың авторлық кесте тігу өнерінің жеке көрмесі өтті

https://almaty.tv/kz
https://almaty.tv/kz
Көрме Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде бір ай бойы өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Инемен жазылған кескіндеме». Осындай тақырыпта Гүлмира Садықованың авторлық кесте тігу өнерінің жеке көрмесі ұйымдастырылды.  Ісмердің көрмесіне 49 жұмыс қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның барлығы ешқандай тігін машинасыз тек ине мен жіпті қолдану арқылы жасалған. Автор ең алғашқы туындысын жарына сыйлау үшін тіккенін айтады. Кейіннен бұл өнерге қызығушылығы артып, жан-жақты зерттей келе білек сыбана кірісіп кеттім дейді.        

«Жұбайымыз екеуміз бір-бірімізге сый жасағанды ұнатамыз. Ол міндетті түрде дүкеннен сатып алу емес, қолдан жасаған дүние болуы керек. Біз Мәскеуде тұрғанда ең алғаш айқас кестемен жылқының бейнесін тігіп, сыйладым. Мен осы уақытқа дейін өз еңбегімді ақша сатқан емеспін. Туындылардың барлығын сыйға тартамын» - кестеші Гүлмира САДЫҚОВА.

Көрме Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде бір ай бойы өтті. Орта есеппен бір жұмыс бір жыл дайындалады дейді автор. Гүлмира Садықова үшін күніне бір жарым сағатта 5 сантиметр кесте тіксе, оның өзі үлкен жетістік. Көрмеге келушілерді барлық жұмыстар қызықтырған.

«Көрме қатты ұнады. Барлық кестенің өз ерекшелігі бар. Автордың көп еңбектеніп, көз майын тамызып жасағаны көрініп тұр. Маған «Бал» картинасы және 150 жылдық тарихы бар орамалды қайта тігіп шыққаны ұнады. Мұнда балалар бөлімі де бар екен» - деді көрмеге қатысушы Любовь МИХАЙЛОВА.

Новости партнеров