Қапыда қаза болған Жанар Хамитованың ағасы Қайрат Хамитов әншінің қазасы жайлы айтты. Жанардың күйеуі мен екі баласы жайлы сөз қозғады. Қарындасының күйеуі шетелдік емес, қазақ жігіті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
«Жанар біз үшін періште еді. Ерке қыз болды. Бәріміз жақсы көрдік. Оның қиналып жүргенін білмедік. Астарлы ақиқаттан ыдыс жуғанын естідік. Сосын бауырлары болып көмектестік. БАҚ-та Жанардың күйеуі шетелдік азамат деп жатыр. Күйеу баламыз қазақтың жігіті. Алматылық азамат. Аты Батырхан. Екі баласы бар. Алматыда танысып, сонда біраз жыл тұрды. Кейін екі жыл Эмиратта тұрды. Қымбат екен деп Түркияға келді. Күйеуі білімді азамат. Бизнеспен айналысады. Жанардың оған деген құрметі ерекше болды. Оны Жанар жамандаған емес. Ақша жетпей қалды деп жылаған емес. Тек арада отбасы болған соң ұрыс болды. Сол аралықта көңіл-күйі түсіп, күйзеліске бой алдырған болуы керек. Ақырғы аптада да ата-анасының қасына келді. Біздің үйге қонып кетті. Әкесінің, анасының қасына жатты. Таңертең үй жинаймын деп жүргенде қазалы жағдай болды», - дейді ағасы.
Қайрат Хамитовтың айтуынша, Жанар өте эмоцияға берілгіш жан болған. Шетелден Қазақстанға сахнаға оралу үшін қайтса керек. Келе сала, шығармашылығын қайта қолға алған. Алайда отбасылық жағдайға байланысты жолы болмай жүрген көрінеді.