|
19.09.2019 | 17:37
2366

Қазақ футболы: «Астана» клубы әйгілі Manchester United-пен ойнайды

Ойын атақты Old Trafford стадионында өтеді

Қазақ футболы: «Астана» клубы әйгілі Manchester United-пен ойнайды

Бүгін түнде елордалық «Астана» футбол клубы Англияның адуынды "Манчестер юнайтед" командасымен бақ сынасады. Еуропа лигасы аясында өткелі отырған бұл ойынды тарихи матч деп жатыр сарапшылар. Ағылшындықтарға қонаққа барған «Астана» футбол клубы атақты  Old Trafford стадионында ойнайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.    

«Біз қазір Англияның Манчестер қаласындамыз. Астана ФК УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында Манчестер командасына қарсы ойнайды. Алғашқы кездесуін Манчестер қаласында өткізеді. Дәл қазір Олд Трафорд стадионының жанында тұрмыз. Команда осы жаққа 16-қыркүйек күні ұшып келді. Көңіл-күй өте тамаша.Сондықтан қандайда бір қобалжу жоқ. Себебі Астана командасы соңғы жылдары Еурокубоктарда үлкен клубтарға қарсы ойнап үлгерді. Сондықтан ешқандай қысым жоқ», – деді «Астана» ФК баспасөз хатшысы Асқар ХАМИДЕНОВ.

Бұдан әрі «Астана» ФК баспасөз хатшысы Асқар ХАМИДЕНОВ отандық ойыншылардың мүмкіндіктеріне тоқталды.

«Бұл кездесуде қазақ футболшыларының гол соғуға тырысатындары анық. Оның үстіне Манчестерге ұшып келген 21 футболшының да жасыл алаңға шығатын мүмкіндігі бар. Міндетті түрде Роман Мұртазаев та, Серікжан Мұжықов та егер негізгі құрамға шығып, тіпті қосалқы құрамда отырып ойынға шықса да, мүмкіндікті қалт жібермеуге тырысады», – деді ол.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир