|
02.07.2021 | 16:45
1671

Алматыда «Нұр-Сұлтан ‒ болашақтың астанасы» атты кітап көрмесі ашылды

Көрмеге қойылған туындылардың саны 3 мыңнан асады

«Нұр-Сұлтан ‒ болашақтың астанасы». Осындай атаумен Алматыдағы ұлттық кітапханада ел егемендігінің 30 жылдығына және Елорда күніне орай кітап көрмесі ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv

Онда астанамыз Нұр-Сұлтан қаласының тарихы, инфрақұрылымының дамуы, архитектурасы, экономикасы, мәдениеті жайлы танымдық-зерттеу материалдары мен көркем шығармалар қойылған.  Сондай-ақ, тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күрделі шешімдері, сәулет саласындағы ізденістері, қаланың болашағы туралы ойларын баяндайтын жәдігерлер паш етілді. Көрмеге қойылған туындылардың саны 3 мыңнан асады. Көрме шілде айының соңына дейін жалғасады.

«Бұл көрмеде Сарыарқаның төсінен іргесін көтерген, бүгінгі таңдағы еңселі елордамыз  Нұр-Сұлтан қаласының даму тарихын көруге болады. Тәуелсіздігіміздің символы ретінде  алыстан көз тартатын сәулетті ғимараттар, сұлу көшелер, ол көшелермен  жүрген ұлы тұлғалардың бүкіл тарихы осы көрмеде қамтылған», ‒ деді ҚР Ұлттық кітапханасы Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің кітапханашысы Құрмет Қарабаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир