Алматыда “9 грамм” интеллектуалды поэтикалық драмасының тұсаукесері өтті

Қойылым авторы - ақын Бақыт Беделхан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бақыт Беделханның “9 грамм”  интеллектуалды поэтикалық драмасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Туындының режиссері Жұлдызбек Жұманбай және дыбыспен көркемдеген сазгер Қанат Ибрагимов. Поэтикалық драманы  Қарасай ауданының “Қарасай жастары” театры сахналады.

“9 грамм” оққа байланған «Алаш» арыстарының рухына арналған тың туынды көрермен көңілінен шықты. 

"Көркемдік шындық сахнада салтанат құрғанда ойландырмай, тоғандырмай қоймайды. Қазір елдің рухын көретіп, театрдың деңгейін көрету үшін драматургиялық тіл керек. Ол қандай тіл? Ол Шекспирдің тілі – ақ өлең. Саханада қазақтың қасиетті қара өлеңі мен ақ өлең салтанат құруы керек. Сол кезде елдің назары ауады, көңілі бұрылады. 

Бұған дейін төрт ауданда қойылымды көрермен назарына ұсындық. Осындай дайындықтан өткен теарт ұжымы алматылықтардың алдында өнер көрсетті", - деді қойылым авторы, ақын Бақыт Беделхан.

Премьерада Қазақстанның Еңбек ері, Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті, кино және театр актері, профессор  Асанәлі Әшімов “Қарасай жастары” театрына сәттілік тілеп, ақ батасын берді. 

Ал аудандық халық театрына қолдау көрсетіп жүрген ақын Бақыт Беделхан Алматы қаласы әкімдігіне алғысын білдірді.

Новости партнеров